aspan

ШЫМКЕНТ БОКСШЫЛАРЫ БАКУДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТӨРТ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Әзербайжан астанасы Бакуде 10–15 сәуір аралығында өткен бокстан «Жібек жолы» халықаралық турнирінде Шымкент қаласының спортшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Турнирге 9 елден келген 200-ден астам былғары қолғап шебері қатысып, халықаралық аренада мықтылар анықтады.

 

Аталған сапарға Шымкент қаласынан аттанған төрт боксшы – Санжарәлі Бегалиев (75 келі), Даурен Мамыр (86 келі), Элина Базарова (54 келі) және Дина Исламбекова (+81 келі) сәтті өнер көрсетіп, барлығы жүлделі орыннан көрінді.

Әсіресе, Элина Базарова қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, алтын медаль иеленді. Санжарәлі Бегалиев те финалға дейін сүрінбей жетіп, шешуші сында алаң иесіне жол беріп, күміс жүлдеге ие болды. Ал Даурен Мамыр мен Дина Исламбекова жартылай финалда тоқтап, қола медальды қанағат тұтты.

Айта кетейік, биылғы «Жібек жолы» турниріне 9 елден келген 200-ден астам былғары қолғап шебері қатысып, халықаралық аренада мықтылар мықтысын анықтады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Aspan info

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ИРАН ПРЕЗИДЕНТІНЕ ҚҰТТЫҚТАУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

Aspan info

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ ДОНАЛЬД ТРАМПТЫҢ БАСТАМАСЫМЕН ҚҰРЫЛҒАН БЕЙБІТШІЛІК КЕҢЕСІНІҢ ЖАРҒЫСЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз