aspan

РЕСЕЙЛІК ЖАСТАР ҚАЗАҚША СӨЙЛЕГІСІ КЕЛЕДІ

Өздеріңізге мәлім  Мемлекет басшысы мемлекеттік сапарпен көрші елде жүр. Өткен аптада ғана АҚШ-қа сапарлап қайтқан  Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесі тығыз. Осы аптаның жұмысы  Ресейде басталды. Мәскеуге ат басын тіреген қазақ Президенті  ресми қарсы алу рәсімінен соң Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенттерімен кездесті.

Қазақ тілін үйреніп жүрген студенттердің арасында Қазақстанда  туып-өскендер де,ресейліктер де бар.  Олар Мемлекет басшысымен қазақша әңгімелесті.   Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітаптарында көрініс тапқан дипломатия мен ашықтық қағидалары Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында үлгі ретінде оқытылып жатқанын айтты. Сондай-ақ жастар Ұлы  Абайдың  шығармашылығына  қызығушылық танытады екен.  Мемлекет басшысы студенттердің қазақ тілін үйренуге деген ынтасына жоғары баға беріп, оларға сәттілік тіледі.Осы кездесулен соң,біз сұқбаттасқан Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенті Кристина Юдина  Алматы қаласына саяхатынан  соң қазақ тілін үйреніп жүр. Ол қазақ мәдениеті мен салт-дәстүріне қызығушылық таныта бастаған. Кристина қазақ әншісі Қайрат Нұртастың әндерін тыңдаймын деп,шырқай жөнелді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАНДА БІРЛІКТІ НАСИХАТТАҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУДЫ ҰСЫНДЫ

Aspan info

Құрметті Шымкент қаласының мотокөлік жүргізушілері ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап заңнамаға өзгерістер еңгізіледі,оған сәйкес мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестіріледі.Бұл көліктің осы түрінің иелері үшін жаңа ережелерді талап етеді

Пікір қалдырыңыз