aspan Ақпарат Әлем жаңалықтары Әлем жаңалықтары Бизнес Жаңалықтар Қоғам Технология Түркістан Экономика

ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, табиғат жанашырлары, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты. Жиынды Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов жүргізді.

Кездесу барысында тұрғындар өңірдегі экологиялық ахуалға қатысты бірқатар өзекті мәселені көтерді. Атап айтқанда, қалдықтарды басқару және қайта өңдеу, карьерлердің қоршаған ортаға әсері және өзге де жеке мәселелері бойынша сұрақтар қойылды.
Тұрғындар тарапынан қойылған барлық сұрақтар мен ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, көтерілген мәселелердің орындалуы вице-министрдің тікелей бақылауында болады.
Тұрғындармен кездесуге дейін вице-министр азаматтарды жеке қабылдады. Онда тұрғындар қоқыс полигондары, заңсыз қоқыс орындары, қоқысты қайта өңдеу мәселелері көтерілді. Мансұр Ошурбаев азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары назарға алынатынын айтып, тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Кездесу соңында вице-министр өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг өткізіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Айта кетейік, Түркістан облысында 151 тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын полигон орындары белгіленген. Бүгінгі таңда полигондардың санитарлық-экологиялық нормаға сәйкестендіру жұмыстары жоспарға сәйкес және бюджеттің қаржысына қарай кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Өткен жылы «Ғарыш сапары» АҚ тарапынан түсірілген ғарыштың түсірілім барысында облыс аумағында 249 бей-берекет қоқыс орындары анықталды. Жыл қорытындысымен толық жойылды. Бұл бойынша Экология департаменті тарапынан айыппұлдар салынып, тексеру жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта бейнабақылау қондырғыларын орнату жұмыстары жоспарланып отыр.
Облыстың даму бағдарламасының негізгі индикаторының бірі пайда болған тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату үлесі 2025 жылы 31% межеленіп, толық орындалып, биыл 33% жеткізу жоспарланып, 8 айдың қорытындысымен 32% орындалды. Алдағы уақытта 2030 жылға дейін 50 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда облыс аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу және сұрыптаумен 20 кәсіпорын айналысады.
Сонымен қатар еліміз бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару бағытында жалпы құны 185 млрд теңгені құрайтын 62 жоба іске асырылуда. Оның ішінде Түркістан облысында қалдықтарды сұрыптау бағытында бір жоба жүзеге асырылып жатыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

21 ЖАСТАҒЫ НҰРАЙДЫҢ ӨЛІМІ: КҮДІКТІНІҢ ҮСТІНЕН ТАҒЫ БІР ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Максим Сейтенов

ШЫМКЕНТТЕ «ҚЫС-2025» ҚАЛАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ ТУБЕРКУЛЕЗБЕН СЫРҚАТТАНУ ДЕҢГЕЙІ 35%-ҒА ТӨМЕНДЕГЕН

Пікір қалдырыңыз