aspan

ПАВЛОДАРДА ЕСІРТКІНІ СУПЕРМАРКЕТ ҰЯШЫҚТАРЫНА ЖАСЫРЫП КЕЛГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Палодарда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері ірі көлемде есірткі заттарын таратпақ болған 54 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Ер адам жеке пайда табу мақсатында тыйым салынған зат салынған орамаларды супермаркеттегі жеке заттарды сақтауға арналған ұяшыққа жасырғанын, оларды байланыссыз тәсілмен сатып алып, бір реттік дозаларға бөліп, Павлодар қаласының аумағында жасырын құпия орындар арқылы сатуды жоспарлағанын мойындады. – Күдіктіні жеке тінту барысында каннабистік тектегі есірткі заты бар екі орама мен үш темекі өнімі анықталды. Сонымен қатар оның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде қосымша есірткі заттары, электронды таразы, орау құралдары және zip-пакеттер тәркіленді. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 300 грамнан асты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті қамауға алынды, – дейді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА МАҢЫЗДЫ РЕФОРМАЛАР МЕН БАСТАМАЛАРДЫ ЖАРИЯЛАДЫ

Aspan info

CASA, ТМК, БИДАЙ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ МИССИЯ: ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚСТАН-АУҒАНСТАН БИЗНЕС-ФОРУМЫ МЕН АУҒАН ТАУАРЛАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ БАСТАЛДЫ

АГРАРЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ: МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖЕР ЖӘНЕ СУ РЕФОРМАСЫ

Пікір қалдырыңыз