aspan

ӨНЕР МЕН БІРЛІКТІ ТОҒЫСТЫРҒАН ШЫМҚАЛА КЕШТЕРІ

Шымкент қаласында әр сенбі, жексенбі күндері ұйымдастырылатын Шымқала кештері жобасы бүгінде қала тұрғындарының асыға күтетін дәстүрлі мерекелік іс-шарасына айналды. Кеш барысында ән мен би, түрлі ойын-сауық бағдарламалар мен көрмелер ұйымдастырылып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын шара Жаңаталап тұрғын алабында жалғасты.

Іс-шараға Шымкент қалалық жастар театрының актерлары қатысты. Балаларға арналған қызықты ойындар мен сергіту сәттері және әуезді әнмен ой саларлық қойылымдар көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Жаңаталап тұрғын алабының тұрғындары бұндай маңызы бар шараның жиі өтіп тұрғанын қалайды.

Жастар театрының актеры Дулат Истілеуов  Шымқала кештеріне келген көременнің ықыласы мен қошеметінің жоғарғы деңгейде екенін айтады.Сондай ақ ол аталмыш шараның халық көңілінен шыққанын айтты.

Көңілді кештер алдағы уақытта Да өз жалғасын жалғасын табатын болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар Шымкенттің мәдени тынысын жандандырып, тұрғындардың ортақ мерекесіне айнаған.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

РЕСЕЙДЕГІ ЗАУЫТ АЙМАҒЫНАН ЕКІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ

Aspan info

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВҚА ПӘКІСТАННЫҢ ЕҢ ЖОҒАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАСЫ – NISHAN-E-PAKISTAN ОРДЕНІ ТАБЫСТАЛДЫ

Aspan info

АУҒАНСТАННЫҢ ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ САУДА МИНИСТРІ КЕЛДІ

Пікір қалдырыңыз