aspan

МЫҢ АЙДАН ДА ҚАЙЫРЛЫ ҚАДІР ТҮНІН ҚАЛАЙ ӨТКІЗУ КЕРЕК?

Қазақстанда биыл қасиетті Қадір түні 16-нан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) мәлімдеді.

Ислам дінінің сенімі бойынша, дәл осы түні Жәбірейіл періште жерге түсіп, Мұхаммед пайғамбарға Құранның алғашқы аяттары түсірілген. Мүміндер бұл түнді құлшылықпен өткізіп, өткен күнәлары үшін кешірім тілейді. ҚМДБ мәліметінше, Қадір түнін шынайы ниетпен өткізген адам 1000 ай құлшылық еткендей сауап алып, алдыңғы қателіктері кешіріледі.

Бұл түні мұсылмандарға Құран оқу, қосымша намаздар орындау, дұға жасау, сондай-ақ мұқтаж жандарға көмектесіп, ізгі істер істеу ұсынылады. Ел мешіттерінде ұжымдық құлшылықтар, түнгі намаздар мен рухани уағыздар айтылады. Сондай-ақ, бұл түннің алдында өкпе-реніштерді кешіріп, айналадағы жандардан кешірім сұрау маңызды болып саналады.

Қадір түні күн батқаннан бастап таң атқанша жалғасады. Биыл Қазақстанда Рамазан айы 19 ақпанда басталып, 29 күнге созылады. Ораза айт мерекесі 20 наурыз күні атап өтіледі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Кәсіпкерлерге мемлекеттік сатып алу туралы заңның талаптары түсіндірілді

АҚШ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНА ИММИГРАЦИЯЛЫҚ ВИЗА БЕРУДІ ТОҚТАТТЫ

Aspan info

МЕКСИКАДА ЖАППАЙ ТӘРТІПСІЗДІКТЕР БОЛЫП ЖАТЫР

Aspan info

Пікір қалдырыңыз