aspan

МИХАИЛ ШАЙДОРОВ – ОЛИМПИАДА АЛТЫНЫНЫҢ ИЕГЕРІ

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италиядағы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алып, ел абыройын асқақтатты.
Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша бесінші орында тұрған Михаил Шайдоров жүлдеге қол жеткізу үшін қарсыластарынан 9,6 ұпайға басым түсуі тиіс болатын. Ол жалпы бағдарламаны өте жоғары деңгейде орындап шықты.
Нәтижесінде Михаил Шайдоров жалпы 291,58 ұпай жинап, өзінің жеке рекордын жаңартты.
Михаил Шайдоровтың бұл жеңісі – Қазақстанның мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылғы қысқы Олимпиададан кейінгі алғашқы медалі болып отыр. Ол кезде Денис Тен мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиаданың қола жүлдесін иеленген болатын.
Айта кетейік, Милан Олимпиадасында Қазақстан атынан мәнерлеп сырғанаудан Софья Самоделкина да өнер көрсетеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ «МЫРЗАБАЕВСКИЕ» ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ ҰСТАЛДЫ

Aspan info

ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Aspan info

ЖАЛҒАН АҚПАРАТҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ ЖОБАСЫНЫҢ МӘТІНІНДЕ ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ЖЕР САТУҒА ТЫЙЫМ САЛУ АЛЫНЫП ТАСТАЛДЫ ДЕГЕН ЖАЛҒАН АҚПАРАТТЫҢ ТАРАЛУЫН ТІРКЕП ОТЫР

Aspan info

Пікір қалдырыңыз