aspan

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АЗИЯ ДАМУ БАНКІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ МАСАТО КАНДАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Масато Кандаға ілтипат көрсетіп, АДБ жетекшісі лауазымына кіріскеніне бір жыл болғанымен және банктің алдағы 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.
✔️Қазақстан Президенті 30 жылдан астам уақыт ішінде Азия даму банкі елімізде жалпы сомасы 7 миллиард доллардан асатын 170-тен аса жобаға қолдау көрсеткенін айтты. Осылайша, банк экономикалық өсімге, инфрақұрылымды жаңғыртуға және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға айтарлықтай үлес қосты.
✔️Мемлекет басшысы экономиканың басты секторларындағы ауқымды жобаларды жүзеге асыру жоспары жөнінде әңгімеледі. Бұл елімізде орнықты даму мен құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.
✔️Масато Канда Азия даму банкі Қазақстанмен арадағы ықпалдастық аясын кеңейтуді басым бағыт санайтынын жеткізді. Банк тұрғын үй құрылысы, төтенше жағдайларды басқару және өзге де маңызды стратегиялық жобаларды қаржыландыруға дайын екенін растады.
✔️АДБ жетекшісі еліміздің цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу бойынша алдыңғы орында тұрғанын атап өтіп, аса маңызды минералдар секторын ілгерілетуде, ірі инвестициялық бастамаларды іске асыруда зор әлеует бар екеніне тоқталды.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Азия даму банкі арасында орнықты және ұзақ мерзімді серіктестік орнаған, еліміз өзара тиімді кооперацияны одан әрі кеңейтуге әзір.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ СПОРТ МЕКТЕБІНДЕ 5 ЧЕМПИОН ДАЯРЛАНДЫ

Aspan info

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ПОРУЧИЛ СОХРАНИТЬ ПОЛОЖИТЕЛЬНЫЕ ТЕМПЫ СТРОИТЕЛЬСТВА И УСКОРИТЬ ИИ-ПРОЕКТЫ ПО КОНТРОЛЮ КАЧЕСТВА

Aspan info

ДУБАЙДА ҚАЛҒАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛДАНЫП, ЕЛГЕ ҚАЙТА АЛМАЙ ОТЫРМЫЗ ДЕП ДАБЫЛ ҚАҚТЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз