Ақпарат

Маңғыстауда алпыс мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген

Маңғыстау облысының білім басқармасы тарапынан білім ошақтарында жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің дипломдарына мониторинг жұмыстарын жүргізілді. Былтыр және биыл жүргізілген осы жұмыстардың нәтижесінде 60 мұғалімнің жалған дипломмен бірнеше жылдар бойы жұмыс істеп келгені анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Oблыстық білім басқармасының хабарлауынша, олардың барлығы жұмыстан босатылған.

Облыстың педагогтердің дипломдарын анықтау мақсатында жоғары оқу орындарына және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарына сұраныс жолданды. Сонымен қатар мұғалімдердің жұмыс кезеңіңдегі қаражатты мемлекеттік бюджетке кері қайтару үшін сот органдарына шағым жолданды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, — деп жазылған білім басқармасы таратқан ақпаратта.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 10 ЕЛДІ МЕКЕНДІ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

Aspan info

КӨКСАРАЙ АУЫЛЫНДА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

Aspan info

Ұлыбританияда өткен қой шаруашылығы көрмесіне отандық фермерлер қатысты

Пікір қалдырыңыз