Жаңалықтар Қоғам

Кеше Алматыда митинг болды

Алматыда кеше 8 наурыз мерекесі қарсаңында әйелдердің лайықты өмір сүруі үшін митинг өтті, — деп хабарлайды Aspan.info тілшісі.

Махатма Ганди атындағы саябақта Халықаралық әйелдер күнін тойлауға орайластырылған «Әйелдердің лайықты өмірі үшін» тақырыбында митинг басталды. Рұқсат етілген митинг екі сағатқа созылады деп күтілуде.

Оқиға орнына барлығы 100-ге жуық адам жиналды, олардың арасында БАҚ өкілдері де болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы әкімдігі 7 наурызда митинг өткізу туралы өтінішті мақұлдаған болатын.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

2024 ЖЫЛҒА ҚАЛА АУМАҒЫНДА 1 086 000 ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАУ ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛГЕН

Астанада автобус өртеніп кетті

ТҮРКІСТАНДА ЯСАУИ ХИКМЕТТЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫС ӨТТІ

Пікір қалдырыңыз