Ақпарат

ІІМ қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады

Полиция қызметкерінің жұмысына кедергі келтірген жүргізушілер 15 тәулікке дейін қамауға алынады.

Полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындамаған немесе кедергі келтірген жүргізуші жауапқа тартылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Министрлік жүргізушілерге үндеу жасады. Бұған соңғы кездері БАҚ пен әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінен жедел-профилактикалық іс-шаралардың өткізілуі туралы құжаттарды талап етіп, олардың жұмысына кедергі келтіргені туралы бейнежазбалар себеп болған «Көлікті тоқтату кезінде полиция қызметкері өзін таныстырып, қызметтік куәлігін көрсетіп, тоқтату себебін түсіндіруі қажет. Жүргізуші өз кезегінде ішкі істер органдары қызметкерінің заңды талаптарын орындауға міндетті. Ал полиция қызметкері жедел-профилактикалық іс-шараның өткізіліп жатқанын растайтын құжаттарды көрсетуге міндетті емес», — дейді ведомство. Министрлік «Жол жүрісі туралы» заңда көліктерді тоқтату кезінде полиция қызметкерлері мен жүргізушілердің іс-қимылының нақты тәртібі айқындалғанын айтады. «Полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындамау, қызметтік міндеттерін атқару кезінде оның жұмысына кедергі келтіру 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапқа әкеп соғады», – деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫН ЖЫЛЫНА 300 ТОННА БАЛЫҚ ӨНДІРУГЕ ҚАУҚАРЛЫ

Aspan info

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Aspan info

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ATF ANTALYA 2026 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ ТАНЫСТЫРЫЛУДА

Aspan info

Пікір қалдырыңыз