aspan

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ – БІРЛІК ПЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕРЕКЕСІ

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Бұл – қоғамның негізі саналатын отбасы институтының маңызын айшықтайтын ерекше мереке. Атаулы күн 1993 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен бекітіліп, әлем елдерінде отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында кеңінен аталып өтеді.

Отбасы – адам өміріндегі ең алғашқы тәрбие мектебі, мейірім мен қамқорлықтың, сыйластық пен жауапкершіліктің бастауы. Әрбір азаматтың тұлға болып қалыптасуына, өмірлік ұстанымдарының бекінуіне, ұлттық сана мен рухани құндылықтардың бойға сіңуіне отбасының ықпалы зор. Сондықтан да шаңырақтың берекесі – елдің тұрақтылығы мен ұлттың болашағының кепілі.

Қазақ халқы қашанда отбасы мен ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. «Отан – отбасынан басталады» деген нақылдың астарында терең мағына жатыр. Ата-анаға құрмет көрсету, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, татулық пен өзара түсіністікті сақтау – халқымыздың сан ғасырлық дәстүрінен жалғасып келе жатқан асыл құндылықтар.

Бүгінде мемлекет отбасы институтын нығайтуға бағытталған кешенді жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асыруда. Ана мен баланы қорғау, көпбалалы отбасыларды қолдау, жастардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, тұрғын үймен қамту және тұрмыстық әл-ауқатты арттыру бағытындағы бағдарламалар – соның айқын дәлелі. Бұл бастамалардың барлығы қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтауға негіз болады.

Халықаралық отбасы күні – тек мереке ғана емес, әрбір жанды отбасының қадірін терең түсінуге үндейтін маңызды күн. Бұл күні отбасы мүшелерінің бір-біріне деген ықыласы мен құрметі артып, рухани байланыс нығая түседі.

Берекелі отбасы – бақытты қоғамның, қуатты мемлекеттің тірегі. Сондықтан отбасы құндылықтарын сақтау мен дәріптеу – баршамызға ортақ міндет.

Халықаралық отбасы күні құтты болсын! Әр шаңыраққа амандық, татулық, береке мен бақ-дәулет тілейміз!

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

САЗГЕР БЕКЖІГІТ СЕРДӘЛІ ӨНЕРСҮЙЕР ҚАУЫМҒА ЖАҢА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІН ТАРТУ ЕТТІ

«НОВЫЙ ЭТАП СОТРУДНИЧЕСТВА НА КАЗАХСТАНСКО-ИРАНСКОМ БИЗНЕС-ФОРУМЕ»

СОЛТҮСТІК ӨҢІРГЕ ШЫМКЕНТТІҢ ІСКЕР ХАЛҚЫ ҚАЖЕТ

Пікір қалдырыңыз