aspan

ЕКІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ ЖАҢА КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯ АППАРАТЫМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласында жергілікті бюджет қаржысы есебінен екі медициналық ұйымға заманауи компьютерлік томография (КТ) аппараты сатып алынып, пайдалануға берілді.
Қалалық балалар клиникалық ауруханасы мен Онкологиялық орталығы бар көпбейінді ауруханаға орнатылған компьютерлік томография ағзадағы түрлі патологиялық өзгерістерді жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік беретін заманауи диагностика әдістерінің бірі. Бұл аппараттардың көмегімен дәрігерлер науқастарға нақты әрі жылдам диагноз қойып, тиімді ем тағайындай алады.
Сонымен қатар, жаңа КТ аппараттары зерттеу нәтижелерін қысқа уақыт ішінде алуға мүмкіндік береді. Бұл дәрігерлердің клиникалық шешім қабылдауын жеделдетіп, пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді.
Осылайша мегаполистің медицина ұйымдарындағы ескі құрылғылар жаңартылып келеді. Жоспарлы жұмыс тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттырып, ауруларды ерте анықтауға және тиімді ем жүргізуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда жалпы 26 компьютерлік томография (КТ) аппараты жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі шұғыл және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін ұйымдарда орнатылған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

МИНИСТЕРСТВО ТРАНСПОРТА ПРИСТУПИЛО К РЕАЛИЗАЦИИ ПОРУЧЕНИЙ ПРЕЗИДЕНТА ПО РАЗВИТИЮ АВТОДОРОЖНОЙ СЕТИ

Aspan info

QARQYN БІРЫҢҒАЙ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ — БІЛІМ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА МҮМКҮНДІК БЕРЕДІ.

Aspan info

Пікір қалдырыңыз