aspan

DIGITAL QAZAQSTAN ФОРУМЫ АЛҒАШ РЕТ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӨТЕДІ

Қазақстандағы практикалық цифрлық және AI-трансформацияға бағытталған ұлттық технологиялық форум биыл алғаш рет Шымкент қаласында өтеді.
Өңірлерді біртұтас цифрлық күн тәртібіне жұмылдырып, нақты секторға, мемлекеттік басқару мен әлеуметтік салаға технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізуге жағдай жасайтын форумның биылғы орталығы ретінде индустриялық және экономикалық әлеуеті зор Шымкент қаласы таңдалып отыр.
Сонымен, 2026 жылғы 27 наурыз күні Digital Qazaqstan форумы – Шымкентте!
Форум өнеркәсіпте, мемлекеттік басқаруда және өңірлік экономиканы дамытуда қолданылатын цифрлық және AI-шешімдерге басымдық береді.
Бағдарламада:
– пленарлық отырыс
– панельдік сессиялар мен дөңгелек үстелдер
– IT-компаниялар мен стартаптар көрмесі
– технологиялық байқаулар мен хакатондар
– цифрлық трансформация саласындағы ұлттық жүлде – Digital Qazaqstan Awards.
@digital_qazaqstan қатарына еніп, еліміздің цифрлық болашағын құруға үлес қосыңыз!

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ – ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ ҮЛГІСІ

Aspan info

ТҰРАН АУДАНЫ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢАРЫП, ТҰРҒЫНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСУДА

Aspan info

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ АЯСЫНДА ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ ӨТЕДІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз