aspan

ДӘМХАНАДА ГАЗ ЖАРЫЛЫП, 5 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

Оқиға 19 қаңтар сағат 17:45-те Ақтөбе облысында болған. Жарылыс ғимарат шатырының бір бөлігін ұшырып әкеткен. Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Кадрдан ғимарат ішінде жалын тұтанғанын көруге болады
Зардап шеккендер 30 бен 60 жас аралығындағы бес адам. Олардың бірі жансақтау бөлімінде, денесін 20% күйік шалған. Қалған төрт адам травматология бөлімшесіне жатқызылған.
Төтеншеліктердің мәліметінше, жарылыс ғимарат ішіндегі су ысытатын газ жабдығынан шыққан. 12 литрлік газ баллонындағы газ-ауа қоспасы жарылып, ғимараттың бір бөлігі қираған.
Қазір жарылыс себебін анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТОРНАДО САЛДАРЫНАН 7 АДАМ АЖАЛ ҚҰШТЫ

БІЛІМ – БОЛАШАҚҚА САЛЫНҒАН ЕҢ БЕРІК КӨПІР

ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘРТІП ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРДЫ КҮШЕЙТУДЕ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз