aspan

БІЛІМ БЕРУ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Шымкент қаласында білім беру саласын дамытуға бағытталған кешенді шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Орта, техникалық және кәсіптік білім беру, сондай-ақ әлеуметтік қолдау мен инфрақұрылымды жаңғырту бағыттарында нақты нәтижелер қалыптасуда.
Қаладағы 294 мектепте 279 мыңнан астам оқушы білім алуда. Оқушыларды әлеуметтік қолдау тетіктерінің бірі – тегін ыстық тамақпен қамту. Бүгінгі таңда 99 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Сонымен қатар, 150 мектепке енгізілген цифрлық жүйелер бюджет қаражатын тиімді жұмсауға мүмкіндік беріп, қысқа мерзім ішінде жүздеген миллион теңге үнемдеуге жол ашты.
Инклюзивті білім беру саласында да оң өзгерістер бар. Қалада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған 25 арнайы ұйым жұмыс істеп, 12 мыңнан астам балаға қызмет көрсетуде. Бұл олардың сапалы білім алуына және қоғамға бейімделуіне жағдай жасап отыр.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі де еңбек нарығымен тығыз байланыста дамуда. Қаладағы 37 колледжде 49 мыңнан астам студент білім алуда. Дуальды оқыту жүйесі арқылы 10 мыңнан астам студент өндірістік тәжірибемен қамтылған. Сонымен қатар, колледждер мен кәсіпорындар арасындағы серіктестік кеңейіп, жұмысқа орналасу көрсеткіші 72,5 пайызды құрады. Балалардың құқықтарын қорғау мәселесі де тұрақты бақылауда. Қалада 800-ден астам жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тіркелген. Олардың басым бөлігі отбасылық тәрбиемен қамтылып отыр.
Білім беру инфрақұрылымын дамыту мақсатында бірқатар мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жаңа білім беру нысандарының құрылысы жоспарға сәйкес іске асырылып, бірқатар нысандарды пайдалануға беру көзделген. Жалпы, Шымкент қаласында білім беру саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар ашықтықты қамтамасыз етуге, сапаны арттыруға және тиімді басқару жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Аталған бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТАЯУ ШЫҒЫСТАН 7300-ДЕН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ

Aspan info

Бывшего замглавы Антикора Максата Кожабаева обвинили в особо крупном мошенничестве

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ДАЙЫНДАУҒА ШЕТЕЛДІК САРАПШЫЛАР ҚОСЫЛҒАН ЖОҚ — ТОҚАЕВ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз