aspan

БЕНЗИН МЕН КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚЫМБАТТАУЫНА ҚАТЫСТЫ

Үкімет экономиканы тұрақтандыру және реформалардың әсерін жұмсарту мақсатында бірқатар шара қабылдады.

🔶 Жанармай бағасына мораторий

16 қазаннан бастап инфляция деңгейі тұрақтағанға дейін АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын көтеруге мораторий енгізіледі.

🔶 Коммуналдық тарифтер мен азық-түлік бағасы

16 қазаннан бастап 2026 жылдың І тоқсанының соңына дейін коммуналдық тарифтер өспейді. Бағаны ұстап тұру шаралары шығындарды оңтайландыру есебінен жүргізіледі.

🔶 Бизнеске қолдау және салық саясаты

Шағын және орта бизнеске арналған жеңілдетілген салық режиміне қатысты артық шектеулер алып тасталды. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап микро және шағын бизнес үшін салықтық тексерулер, камералдық бақылау және мәмілелер бойынша сот істері тоқтатылады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӘСКЕРИЛЕР ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢГЕ ТОЛЫҚ ДАЙЫН ЕКЕНІН ДӘЛЕЛДЕДІ

КОКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДА АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ БЕРІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК СУБСИДИЯЛАРДЫ ЖЫМҚЫРУ ІСІ БОЙЫНША ҮКІМ ШЫҒАРЫЛДЫ

Aspan info

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА БІР ОТБАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН ӨЛТІРДІ ДЕГЕН КҮДІКТІ ИНДОНЕЗИЯДА ҰСТАЛДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз