aspan

БЕКЕТТЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР ҰРЛАНҒАН ЖЫЛҚЫЛАР ТИЕЛГЕН ЖҮК КӨЛІГІН ҰСТАДЫ

Қарағанды облысында блок-бекетте полицейлер ұрланған жылқылар тиелген жүк көлігін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 9 қараша күні Қарағанды облысы полиция департаментіне Астана қалалық полиция департаментінен ұрланған жылқылар тиеген КамАЗ жүк көлігі Қарағандыға қарай бағыт алып бара жатқаны жөнінде жедел ақпарат келіп түсті.
Теміртау қаласындағы блок-бекеттердің бірінде тексеріс жүргізіп жатқан патрульдік полицейлер аталған көлікті тоқтатты. Көлікті басқарған азамат Түркістан облысының 48 жастағы тұрғыны болған. Біраз уақыттан кейін Ақмола облысының 54 жастағы тұрғыны бейнежазбадан өзіне тиесілі ұрланған 27 жылқысын таныған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ИРАН ТҮРКИЯ БАҒЫТЫНА ТАҒЫ БІР ЗЫМЫРАН ҰШЫРДЫ

Aspan info

ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Aspan info

ШЫМКЕНТ: «АЙБАРЫ МЫҚТЫ – АТА ЗАҢ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Пікір қалдырыңыз