Әлем жаңалықтары Қоғам

БҰҰ басшысы Газамен шекараға барады

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш сенбі күні Египеттің Газа секторымен шекарасына барады. Ол тараптарды оқ атуды тоқтатуға шақыруға ниетті, Aspan.info тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.

Бұл сапар Израильдің таяуда Газаның оңтүстігіндегі Рафах қаласында, Египетпен шекараға жақын жерде, халықаралық үндеулерге қарамастан, ірі әскери операция бастайтыны туралы мәлімдемелері аясында орын алып отыр.

Гутерриш Газаға арналған халықаралық көмектің көп бөлігі жеткізілетін және сақталатын Мысырдың солтүстік Синайындағы Әл-Аришке, сондай-ақ көмек әкелетін пункттердің бірі — Рафах бақылау-өткізу пунктінің египеттік жағына барады.

Қасиетті Рамазан айында тараптарды бітімгершілік жариялауға мәжбүрлеу мүмкін болмағандықтан, Құрама Штаттар және басқа да елдер көбірек гуманитарлық көмек жеткізу үшін әуе десанты мен кемелерді пайдалануға тырысты.

Естеріңізге сала кетейік, жұма күні Ресей мен Қытай АҚШ-тың БҰҰ-дағы қарарының жобасына вето қойды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Aspan info

ТҮРКІСТАНДА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫ МЕН КӨЛЕМІ САРАЛАНДЫ

Aspan info

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 146 ӨНДІРІСТІК ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, 3 300-ГЕ ЖУЫҚ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз