aspan

ҚАЗАҚСТАНДА ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНА АЛМАҒАН БАЛАЛАР УАҚЫТША САБАҚТАН ШЕТТЕТІЛУІ МҮМКІН

Қызылша ауруының таралуы күшейгендіктен, елде қосымша алдын алу шаралары енгізілуде. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Сархат Бейсенова мәлімдеді.

Жаңа талаптарға сәйкес, мектептер мен балабақшаларда күнделікті таңғы медициналық бақылау жүргізіледі. Оқушылар, педагогтер және тәрбиешілер жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен қызылша белгілерінің бар-жоғына тексеріледі.

Сондай-ақ, қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін білім беру ұйымдарынан уақытша шеттетілуі ықтимал.

Сіз балаңызға қызылшаға қарсы вакцина салдырдыңыз ба?

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АЛМАТЫДА ЕР АДАМДАР ҚЫЗДЫҢ ЕСІНЕН ТАНЫП ҚАЛҒАНЫН ПАЙДАЛАНЫП, ТЕЛЕФОНЫН ҰРЛАП КЕТКЕН

Aspan info

ҚАЗАҚСТАН ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫН БІР АЛТЫН МЕДАЛЬМЕН АЯҚТАДЫ

Aspan info

ҚАЗАҚСТАНДА ТЕХПАСПОРТ ЖОЙЫЛДЫ: ҮЙ ИЕЛЕРІНЕ НЕ ӨЗГЕРЕДІ?

Aspan info

Пікір қалдырыңыз