aspan

АТЫРАУДА ЖОҒАЛҒАН ОТБАСЫ: АҒАСЫ НАУРЫЗ БЕН ҚАРЫНДАСЫ МИРАМГҮЛДІҢ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ

Кеше Сұлтан мен оның әйелі Ақбаян Алматыға жеткізілді. Алматыда Сұлтан Сәрсемалиев Наурыз бен Мирамгүлді өлтіргенін мойындап, олардың денелерін бұрын өзі тұрып тұрған Геолог шағын ауданындағы үй ауласына көмгенін айтты.

Бұл ақпараттан кейін Атыраудағы тергеушілер көрсетілген аумаққа барып, қайта тексеріп, екі адамның мәйітін тапты.

Марқұмдардың денесі табылған ауладағы үйде күдікті Сұлтан Сәрсемалиев әйелімен бірге тұрған.

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылдың күзінде Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесі із-түссіз жоғалған. Кейін олардың екеуі ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Насипа Өтешқалиеваның мәйіттері үй ауласынан табылды. Ал олардың балалары Мейрамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиев әлі де іздеуде еді. Бұл іс бойынша отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев күдікті ретінде іздеуге жарияланған еді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Б. ЖЕКСЕНБАЙ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА БАСТАЛҒАН РЕФОРМАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ЖАЛҒАСЫ

Aspan info

ҚАР БАСЫП ЖОЛДА ҚАЛҒАНДАР САНЫ АРТУДА

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ КӨТЕРІЛДІ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз