aspan

«АЛМАТЫ-МАҢҒЫСТАУ» ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫ ТЕМІРЖОЛШЫНЫ ҚАҒЫП ӨЛТІРДІ

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Арыс – Түркістан учаскесіндегі Қостүйін станциясында жолаушылар пойызы адамды қағып кетіп, салдарынан ол көз жұмған.
«2026 жылғы 2 қаңтарда сағат 16:10-да Арыс – Түркістан учаскесінің Қостүйін станциясында №77 «Алматы – Маңғыстау» жолаушылар пойызының машинисі 78 км/сағ жылдамдықпен келе жатып, шұғыл тежеуді қолданғанына қарамастан, адамды қағып кетті, зардап шегуші алған жарақаттарынан қайтыс болды», – делінген хабарламада.
Қаза тапқан адам «Әскерилендірілген теміржол күзеті» (ВЖДО) қызметкері болған. Оқиға туралы Түркістан станциясындағы желілік полиция бөліміне хабарланды. Қазіргі уақытта арнайы комиссия тергеу жүргізіп жатыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖАҢАРТЫЛҒАН КОНСТИТУЦИЯ: ӘДІЛЕТТІЛІК, ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП ҚАҒИДАТЫ

Aspan info

«Тәртіпті өзіңнен баста!» тақырыбында қоғамдық дәріс өтті

АСТАНАЛЫҚ АЛАЯҚ TIKTOK-ТА ӨЗІН “ЕМШІМІН” ДЕП ТАНЫСТЫРЫП, 5,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ТАПҚАН

Aspan info

Пікір қалдырыңыз