aspan

АҚТӨБЕДЕГІ ЖАНАРМАЙ ҚҰЮ СТАНЦИЯСЫНДА ЖАРЫЛЫС БОЛДЫ

3 наурыз күні таңсәріде Ақтөбеде автогаз құю бекетінде ірі өрт болды. Оқиға Алматы ауданындағы Кирпичный көшесінде тіркелген.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, әуелі жер үстіндегі газ сақтайтын резервуарлардың бірінде газ-ауа қоспасы жарылған. Қаза тапқандар ме нзардап шеккендер жоқ.

«Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары оқиға орнына жедел жетіп, өртті сөндіру жұмыстарына кірісті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт толықтай жойылды. Оқиға салдарынан екінші жерүсті цистерна, газ тасымалдаушы автокөлік және операторлық бөлме өртенді», — деп мәлімдеді ТЖМ.

Өртті сөндіруге жалпы төтенше жағдай қызметкерлерінен 60 адам мен 16 бірлік техника қажет болды.
Қазіргі таңда оқиғаның себебі анықталып жатыр.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте қызмет еткен 140 сарбаз үйіне қайтты

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ТЕАТРЫ «ӘПКЕ» ДРАМАСЫН САХНАЛАДЫ

ТАЗА ҚАЛА: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ

Пікір қалдырыңыз