aspan

Шымкентте 2026 жылғы 20–22 қараша аралығында ІІМ бұйрығы негізінде республикалық деңгейдегі «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

Оның негізгі мақсаты — қаладағы қоғамдық тәртіпті күшейту, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Осыған орай Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев рейдтік іс-шараға жұмылдырылған қызметкерлердің жұмысымен жеке танысып, бірқатар полиция бөліністерін аралап, саптық қарау өткізді.
Оның барысында жеке құрамға тиісті нұсқаулар беріп, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қызмет атқаруды, қоғамдық орындар мен жол қауіпсіздігі саласындағы бақылауды күшейтуді, тұрғындармен қарым-қатынаста әдептілік пен сыпайылық танытып, әрбір өтінішке жауапкершілікпен қарауды тапсырды.
Жыл басынан бері осындай күшейтіліп жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Шымкентте құқықбұзушылықтардың саны азайып, соның ішінде қоғамдық орындар мен көшелерде жасалған қылмыстарды едәуір төмендетуге қол жеткізілді.

Полицияның басты мақсаттарының бірі — қала тұрғындары мен қонақтарының сенімді қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қала аумағында құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған жұмыс жалғасуда.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Кәсіпкерлерге шағын және орта бизнесті қолдау шаралары түсіндірілді

ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Aspan info

ҚАРСЫ АЛУ РӘСІМІНЕН КЕЙІН ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ПӘКІСТАН ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ РЕЗИДЕНЦИЯСЫ АУМАҒЫНДА АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз