aspan

ТҮРКІСТАНДЫҚ ПАРА ТАЕКВАНДОШЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында пара таеквондодан XI Әлем чемпионаты өтті. Халықаралық додада түркістандық спортшы әлем чемпионатында ел намысын абыроймен қорғап, Қазақстан құрамасының қоржынына қола медаль салды.

63 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз Қайырғали Юсупбеков облыстық мүгедектігі бар спортшыларға арналған «Сауран» спорт клубының спортшысы. Әлемнің үздік спортшылары бақ сынаған жарыста үздіктердің қатырынан көрінген спортшының бапкерлері – Айдос Жақсыбеков, Розыбай Хайруллаев.
Айта кетейік, ол бұған дейін пара таеквондодан Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы және Азия чемпионы атанған. Түркістан қаласының тумасы Қайырғали Темурханұлының әлем чемпионатындағы жүлдесі – табанды еңбегі мен тұрақты дайындығының нәтижесі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПЕРИЗАТ ҚАЙРАТ ТҮРМЕДЕ ЕДЕН ЖУЫП ЖҮР

Aspan info

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ ҚАЛАНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ТОКАЕВ ПОТРЕБОВАЛ СТРОГО СОБЛЮДАТЬ ЗАКОН

Aspan info

Пікір қалдырыңыз