aspan Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Шымкент

ҚАЗАҚСТАНДА ЗАҢСЫЗ ҚАРУ-ЖАРАҚ АЙНАЛЫМЫНА ҚАРСЫ АУҚЫМДЫ ОПЕРАЦИЯ ЖҮРГІЗІЛДІ: АВТОМАТТАР, ПИСТОЛЕТТЕР МЕН ГРАНАТАЛАР ТӘРКІЛЕНДІ

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті құқық қорғау органдарымен бірлесіп, заңсыз қару сақтау және оның айналымына жол бермеу мақсатында бірқатар жедел іс-шара өткізді. Операциялар 2026 жылдың қазан және қараша айларында еліміздің бірнеше өңірін қамтыды.

ҰҚК мәліметінше, арнайы іс-шаралар Шымкент қаласында және Қазақстанның он облысында жүргізілген. Атап айтқанда, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында жүзеге асырылды.

Операция нәтижесінде заңсыз айналымнан едәуір көлемдегі қару-жарақ тәркіленген. Жалпы саны 45 атыс қаруы анықталып, тәркіленді. Олардың ішінде бес автомат, 26 мылтық және 14 тапанша бар.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары он граната мен 1259 оқ-дәріні анықтап, тәркіледі.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта қару-жарақтың шығу тегі, оның қандай мақсатта сақталғаны және бұл іске қатысы бар тұлғалар анықталып жатыр.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу барысына қатысты өзге мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Ведомство заңсыз қару айналымының жолын кесу және жасырын қару-жарақ қорларын анықтау бағытындағы жұмыстар жалғасатынын мәлімдеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУДА 100-ДЕН АСТАМ ӨТІНІШКЕ ЖАУАП БЕРІЛДІ

ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ

ШЫМКЕНТТЕ СТУДЕНТТЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

Пікір қалдырыңыз