aspan Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Саясат Түркістан Экономика

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫН ЖЫЛЫНА 300 ТОННА БАЛЫҚ ӨНДІРУГЕ ҚАУҚАРЛЫ

Елімізде жасанды балық өсіруден Түркістан облысы көш бастап тұр. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Төлеби ауданына жұмыс сапарымен барып, Киелітас ауылдық округіне қарасты Достық ауылында орналасқан «Fish House» ЖШС-нің балық өсіру жұмысымен танысты.

Өңір басшысы балық шаруашылығымен айналысушыларға мемлекет тарапынан тиісті жеңілдіктер, субсидиялар бөлініп отырғанын айтып, кәсіпкерлерге қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Шаруа қожалықтың иесі жеке қаржысы есебінен 600 млн теңге инвестиция салып, форель, сазан, белый амур, бекіре балықтарын өсіруді қолға алған. Кәсіпорын 2024 жылдың күзінде құрылып, 2025 жылдың шілде айында іске қосылды.
Шаруашылықтың негізгі қызметі – балықты уылдырықтан бастап тауарлық өнімге дейін өсіру. Өндірістік қуаты жылына 300 тоннаға дейін балық өндіруге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта кәсіпорында 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Алдағы жылы қызметкерлер санын 30 адамға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Бүгінде балық шабақтары Өзбекстан Республикасынан, ал форель уылдырығы Польша және Дания мемлекеттерінен жеткізіледі. Балық азығына қажетті жем өнімдері Польшадағы «Aller» фирмасынан, Қырғызстан Республикасындағы «Салих Аква» компаниясынан және Алматы қаласындағы «Аква Альянс» мекемесінен арнайы тапсырыс арқылы алынады.
Қазіргі таңда шаруашылықтағы балық қоры 230 тоннаны құрайды. Оның ішінде 150 тонна сазан, 40 тонна форель, 30 тонна бекіре және 10 тонна ақ амур бар.
Алдағы уақытта еркін экономикалық аймақ аумағында отандық балық жемін өндіретін зауытты іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар форель уылдырығын жергілікті жерде өндіруді жолға қою арқылы шабақ өсіруден бастап дайын тауарлық балық өндіруге дейінгі толық өндірістік циклді қалыптастыру көзделіп отыр.
2025 жылы кәсіпорын балық шаруашылығы саласындағы жетістіктері үшін «Ең үздік балық өндіруші» дипломымен марапатталған.
Айта кетсек, облыс бойынша 2030 жылға дейін тауарлық балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға жеткізу көзделген. Ал биылғы жоспар 9 123 тонна болса, қазіргі таңда оның 3106 тоннасы орындалды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПРЕЗИДЕНТ: «МЕНІҢ ШЕТЕЛГЕ САПАРЛАРЫМ ЖӘНЕ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСУЛЕРІМ БАРЫСЫНДА ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛГЕН КЕЛІСІМДЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫНА БАСА МӘН БЕРУ ҚАЖЕТ»

Aspan info

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН АҚТӨБЕ ӨҢІРІНІҢ СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРЫНА 30 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

Атырау тұрғыны жаңа туған балаларын бірнеше рет сатып жіберген

Пікір қалдырыңыз