aspan Ақпарат Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде дәмханада газ жарылып, тұрғын үйге зақым келді: екі адам ауруханаға жеткізілді

Ақтөбе қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан қоғамдық тамақтану орнында газ жарылды. Оқиға салдарынан екі адам зардап шегіп, дәмханаға жапсарлас салынған құрылыс нысанының бір бөлігі опырылып түсті.

Төтенше жағдай жұма күні, 13 қарашада, сағат 10:28 шамасында Тәуелсіздік даңғылындағы дәмханада болған. Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің алдын ала мәліметінше, жарылыстан кейін өрт шығып, тұрғын үйдің терезелеріне зақым келген.

Оқиға орнына жедел қызметтер дереу жетті. Өрт сөндірушілер жалынды сағат 10:53-те толықтай сөндірді.

Жарылыс салдарынан екі адам жарақат алды. Зардап шеккендер жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізіліп, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Қазіргі уақытта мамандар газ жарылысының себептері мен оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тексеру барысында төтенше жағдайға не себеп болғаны және газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталған-сақталмағаны анықталатын болады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

В ПРАВИТЕЛЬСТВЕ ОБСУДИЛИ МЕРЫ ПО СТАБИЛИЗАЦИИ ИНФЛЯЦИИ

Aspan info

ЕКІНШІ ТЯНЬ-ШАНЬ ФОРУМЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ИНВЕСТОР АРАСЫНДА МАҢЫЗДЫ КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз