aspan Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Саясат Түркістан

КӨКСАРАЙ АУЫЛЫНДА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

Бүгін Отырар ауданының Көксарай ауылында тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы маңызды нысан – жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шараға Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Бағдат Чайзада, Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, аудандық бөлімдер мен мекеме басшылары, ауыл ақсақалдары және тұрғындар қатысты.
Жиын барысында аудан әкімі жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы ауыл тұрғындары үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Сондай-ақ бұл нысан төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, өрт қауіпсіздігін күшейтуге және тұрғындардың өмірі мен мүлкін қорғауға зор мүмкіндік беретінін жеткізді.
Бұл – «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында облыста ашылған бұл нысан 17-ші өрт сөндіру бекеті. Аталған нысан ауылдық елді мекендердегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Салтанатты рәсім барысында өрт сөндіру бекетінің кілті Көксарай ауылдық округінің әкімі Әлімжан Қалмұратұлына, ал арнайы өрт сөндіру автокөлігінің кілті бекет жүргізушісіне табысталды.
Сонымен қатар өрт сөндіру бекетінің бой көтеруіне үлес қосқан азаматтар марапатталды. Атап айтқанда, аудан әкімдігінің төтенше жағдайлар жөніндегі маманы Есбол Қасымбеков, Көксарай ауылдық округінің әкімі Әлімжан Қалмұратұлы және жеке кәсіпкер Алтай Молдалы еңбектері үшін арнайы марапаттарға ие болды. Жеке кәсіпкер Алтай Молдалы «Мейірім» медалімен марапатталды.
Жаңа нысанның лентасы қиылып, қатысушылар өрт сөндіру бекетінің жұмысымен және арнайы техникамен танысты.
Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы – ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін нығайту жолындағы маңызды қадам. Бұл бастама төтенше жағдайлардың алдын алуға, өрт оқиғаларына жедел әрекет етуге және елді мекендегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға қызмет етеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЖАҢАРУДА: БАҚЫЛАУ, ЖАУАПКЕРШІЛІК, ТЕХНОЛОГИЯ

Aspan info

Алибек Жамауов стал вице-министром энергетики

ШЫМКЕНТ: 15 тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстары басталады

Пікір қалдырыңыз