aspan Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Саясат Түркістан

ТҮЛКІБАСТА ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ КӨБЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында Түркістан облысында қоршаған ортаны қорғау және елді мекендерді көгалдандыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Осы бағыттағы игі бастамалардың бірі – Түлкібас ауданында «Түлкібас тұқымбағы» ашылуымен жалғасын тапты. Жобаның мақсаты – аудан аумағындағы жасыл желек көлемін арттыру, сәндік ағаш көшеттерін жергілікті жерде өсіру және елді мекендердің көркін жақсарту.
Тұқымбақтың ашылу салтанатына аудан әкімі Асқар Естібаев пен ауыл ақсақалдары қатысты.
Мұнда шынар, каштан, қарағай және басқа да сәндік ағаштардың көшеттері өсіріледі. Бұл аудан көшелерін, саябақтары мен қоғамдық орындарын көгалдандыруға қажетті көшеттермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Алдағы көктемде тұқымбақ аумағында арнайы жылыжайлар салынып, қажетті инфрақұрылым қалыптастырылады. Атап айтқанда, суару және жарықтандыру жүйелері жүргізіліп, бейнебақылау камералары мен қарауылхана орнатылады.
Жоба толық іске қосылғанда ауданның көшетке деген қажеттілігін жергілікті өнім есебінен қамтамасыз етуге және сырттан көшет сатып алуға тәуелділікті азайтуға мүмкіндік туады. Тұқымбақта өсірілген ағаштар ауданның барлық елді мекендерін көгалдандыруға пайдаланылмақ.
«Түлкібас тұқымбағы» – ауданның экологиялық ахуалын жақсартуға, жасыл аймақтарды көбейтуге және табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды жоба.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстанда құмар ойындарына кімге тыйым салынуы мүмкін

КЕЛІНІН ЗОРЛАҒАНЫ ҮШІН СОТ ШЕШІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Aspan info

РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ EXIT POLL НӘТИЖЕЛЕРІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз