aspan Ақпарат Әлем жаңалықтары Әлем жаңалықтары Жаңалықтар Қоғам Саясат Түркістан

ТҮРКІСТАНДА ДІН ЖӘНЕ РУХАНИЯТ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР САРАЛАНДЫ

18 қазанда елімізде рухани келісім күні аталып өтеді. Осы орайда Түркістан қаласында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев облыстағы діни конфессия басшылары және өкілдерімен кездесті. Рухани жүздесуде ел бірлігін сақтау, дінаралық қарым-қатынастарды нығайту мәселелері сараланды.

Кездесуді Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы ашып, жүргізді.
Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Ержан Төлепов, Шымкент және Түркістан епархиясының «Шіркеудің қоғаммен байланыс» жөніндегі бөлімінің басшысы Александр Могилевский, «Шымкент епархиясының Түркістан қаласындағы Свято-Никольский приходы» жергілікті православиелік діни бірлестігінің жетекшісі Виталий Смольянов және өзге де дін өкілдері сөз сөйлеп, пікір алмасты.
Іс-шара соңында діни конфессиялар жетекшілеріне мерекеге орай құттықтау хаттар мен сыйлықтар табысталды
Түркістан облысында 18 қазан – Рухани келісім күніне орай бірқатар қоғамдық маңызы бар іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтсақ, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Руханият» саябағында ағаш отырғызу іс-шарасы өтсе, сонымен қатар дін өкілдері мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері арасында спорттық іс-шаралар өткізілуде.
Айта кетсек, 1992 жылғы 18 қазан күні Алматы қаласында Бүкіләлемдік Рухани келісім конгресінің 1-сессиясы өтті. Конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім күні – қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қою, татулыққа талпыну, жақын адамдарға қайырымдылық пен жәрдем жасау күні деп жариялауға шақырған манифест қабылдады.
Содан бері жыл сайын біздің елімізде 18 қазан – «Рухани келісім күні» мемлекеттік деңгейде аталып өтуде. Жалпы жыл сайын облыс көлемінде «Рухани келісім күні» жоғары деңгейде өтеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Бүкіл әлемде баспана арзандап барады. 2008 жылғы дағдарыстың басы сияқты ма?

Синоптиктер Алматы мен Астана тұрғындарына ескерту жасады

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКПАР СОҢЫ ТӨБЕЛЕСКЕ ҰЛАСТЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз