aspan Ақпарат Әлем жаңалықтары Әлем жаңалықтары Жаңалықтар Қоғам Саясат Түркістан

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЯСАУИ МУЗЕЙІНДЕ «ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ» МӘДЕНИ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

«Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Ясауи музейінде «Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» атты мәдени іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – педагогтерді музей-қорықтың мәдени-ағартушылық жобаларымен таныстырып, музей мен мектеп арасындағы байланысты нығайту.

Іс-шараны музей-қорық директорының орынбасары Сұлтан Темірлан ашып, белсенді мектеп директорларына алғыс хаттар мен сый-сияпаттар табыстады. Ғылыми зерттеу және үйлестіру бөлімінің басшысы Берік Байболов пен Музей педагогикасы бөлімінің басшысы Динара Арынова сөз сөйлеп, бірқатар ұстаздарды «Ясауитану клубына» қабылдап, ізгі тілектерін білдірді.
Іс-шараға Түркістан қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің әкімшілік өкілдері, тәрбие жұмысына жауапты педагогтер, қосымша білім беру мамандары, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері қатысты. Қонақтарға музей-қорық атынан естелік сыйлықтар табысталды.
Мәдени бағдарлама барысында «Конгресс-холл» көпсалалы кешенінің өнерпаздары өнер көрсетіп, музей педагогы Сәкен Қонысбеков әсем әннен шашу шашты. Ал «Жас экскурсовод» үйірмесінің мүшелері қонақтарға музей бойынша шолу экскурсиясын жүргізді.
Іс-шара аясында ұстаздар Ясауи музейінің тарихы мен құндылықтарымен танысып, музейдің мәдени-ағартушылық жобалары мен білім беру бағытындағы мүмкіндіктерін көрді. Сонымен қатар музейдің үшінші қабатында Ясауитану ғылыми орталығы кітапханасының кітап көрмесі және балалар шығармашылығының көрмесі ұсынылды. Экспозицияға музей-қорықтың үйірмелері мен мәдени-ағартушылық жобаларына қатысқан балалардың суреттері, қолөнер бұйымдары және басқа да шығармашылық жұмыстары қойылды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖАМБЫЛДАҒЫ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ САРБАЗ СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫЛДЫ

Aspan info

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРА СПОРТШЫЛАР ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ АЛТЫН ОРДАҒА ҚАТЫСТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз