aspan Ақпарат Спорт Шымкент

ШЫМКЕНТ СПОРТЫНЫҢ АЗИЯДАҒЫ АЙШЫҚТЫ КҮНІ: ТӨРТ ҚОЛА

Бүгінгі жарыс күнінде Шымкент қаласының спортшылары Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына төрт қола медаль қосты.

Нысана көздеу: София Шульженко мен Елизавета Безрукова Қазақстан әйелдер құрамасының сапында командалық сайыста қола жүлдеге ие болды.

Байдарка және каноэде есу: Шымкенттік Стелла Суханова 500 метрге бірлік-байдарка жарысында мәреге үшінші болып, Азия ойындарындағы екінші жүлдесін еншіледі.

Байдарка және каноэде есу: Сергей Емельянов пен Руфина Искакова аралас екілік-каноэде 500 метр қашықтықта қола медаль жеңіп алды.

Семсерлесу: Қуаныш Эргашбай Қазақстан ерлер құрамасының сапында қылыштың командалық сайысында қола жүлдегер атанды.

Осылайша Шымкент спортшылары Азиададағы жүлде қорын толықтырып, ел намысын абыроймен қорғап келеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

СТАБИЛЬНЫЙ РОСТ И УВЕЛИЧЕНИЕ ОБЪЁМА ПРОДУКЦИИ В АГРОПРОМЫШЛЕННОСТИ ШЫМКЕНТА

КІШІ АРАЛДЫҢ ҚАЛПЫНА КЕЛУІ БҮКІЛ СЫР ӨҢІРІН ОДАН ӘРІ КӨРКЕЙТЕДІ.

Aspan info

РАҚЫМШЫЛЫҚҚА ІЛІНГЕНДЕРДІҢ АЙЫППҰЛЫ ТОЛЫҚ НЕМЕСЕ ІШІНАРА КЕШІРІЛМЕК

Aspan info

Пікір қалдырыңыз