aspan

ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЦИФРЛЫҚ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласында жол-көлік оқиғаларын азайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен таныстырылды. Мамандардың мәлімдеуінше, бүгінгі таңда апаттылық деңгейін төмендету мақсатында заманауи цифрлық шешімдер кезең-кезеңімен енгізілуде.
Атап айтқанда, қызметтік автокөліктерге мобильді жылдамдық өлшеуіш құрылғыларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жалпы саны 12 автокөлікке аталған құрылғылар орнатылған. Оның ішінде 2 автокөлік айырып тану белгілерінсіз, яғни жасырын патрульдеу тәсілі арқылы қызмет атқарады. Бұл әдіс жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, құқық бұзушылықтарды тіркеу мақсатында ұшқышсыз ұшу аппараттары – дрондар кеңінен қолданылуда. Бұл әсіресе көлік ағыны тығыз аймақтарда тиімді бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету тек бақылаумен шектелмей, профилактикалық іс-шаралармен қатар жүзеге асырылуда. Осы бағытта автобус парктері мен мектептерде жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша 1642 рет түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, арнайы бейнероликтер көрсетілді. Мұндай шаралар жасөспірімдер мен жүргізушілер арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Жалпы, мамандардың айтуынша, енгізіліп жатқан цифрлық технологиялар мен кешенді шаралар қаладағы жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТІК БАЛУАНДАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚАРСАҢЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨНЕ БАЛУАН ТАС КӨТЕРУ РӘСІМІ ЖАҢҒЫРДЫ

Aspan info

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ MARS КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ ПОЛ ВАЙРАУХТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз