aspan

ЖОЛ АПАТТАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЖҮЙЕЛЕР ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігін күшейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ұлықбек Тұрғынұлы Мылтықов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша, Полиция департаментінің ұсынысымен бірқатар нақты шаралар жүзеге асырылған.
Атап айтқанда, жол қозғалысы ережелерін бұзған автокөліктерді автоматты түрде тіркейтін 430 бейнебақылау камерасы ағымдағы жылы іске қосылды. Аталған құрылғылар 300 орынға орнатылып, жол қозғалысын бақылауды күшейтуге мүмкіндік беріп отыр.
Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерді қағумен байланысты жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қала әкімдігімен бірлесіп, 770 жаяу жүргінші өткелінің 323-іне көріну айқындылығы жоғары СИ-5 үлгісіндегі жол белгілері орнатылды. Бұл өз кезегінде жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Қала көшелеріндегі көлік кептелістерінің алдын алу мақсатында 344 бағдаршамға жол қозғалысын автоматты түрде реттейтін жүйе – АСУДД, яғни «интеллектуалдық көлік жүйесі» енгізілді. Аталған жүйе көлік ағынын тиімді басқаруға және қозғалысты оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, жаяу жүргіншілерге басымдық бермейтін жүргізушілерді анықтау мақсатында 2025 жылдың тамыз айынан бастап екі нүктеде «ақылды жаяу жүргіншілер өткелдері» пилоттық режимде іске қосылып, оң нәтиже көрсетті. Қазіргі таңда аталған жобаны кеңейту мақсатында 20 орынға орнату жұмыстары жергілікті атқарушы органның қолдауымен жүргізілуде.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АГРОТЕХНОЛОГИЯ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҮЗДІК КОМПАНИЯ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫН ЖАҢАРТУҒА ҮЛЕС ҚОСАДЫ

Aspan info

2026 ЖЫЛҒЫ 15 НАУРЫЗДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ӨТКIЗУ ТУРАЛЫ

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕ 120 ОҚУШЫ ДОМБЫРАШЫЛАР ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ҚАТЫСТЫ

Пікір қалдырыңыз