aspan

ЭКС-СУДЬЯ, ЗАҢГЕР ЗОРЛАУ КҮДІГІНЕ ІЛІКТІ

Шымкентте зорлау күдігіне ілінген азамат- экс-судья, заңгер болып шықты. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 1994 жылы туған қала тұрғыны 2026 жылғы 13 сәуір күні арызданған. Оның айтуынша, сол күні шамамен сағат 11:20 шамасында Самал-3 мөлтек ауданындағы үйінде — Жүнісов Ильясбек Сарсенович күш қолданып, дәрменсіз күйін пайдаланып, еркінен тыс жыныстық қатынасқа оқталған. Ең сорақысы — күдікті заңгер,ал жәбірленуші – соның қол астындағы жұмыскері болған.Яғни, заңды қорғауы тиіс адам — өзі заңды өрескел бұзды деген күдік бар. Аталған факті бойынша Тұран аудандық полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалған. Жағдай біздің бақылауымызды болады. Қазіргі уақытта толығырақ ақпарат алу үшін Полиция департаментіне сауал жолдадық

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Экс-министр Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

ЗІЛЗАЛА ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ САНЫ 22 АДАМҒА ЖЕТТІ

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз