aspan

ҚЫЗ ЗОРЛАДЫ ДЕП АЙЫПТАЛҒАН БЛОГЕР ТҮРМЕДЕН БОСАТЫЛДЫ

Қыз зорлады деген айыппен сотталған блогер Думан Ерқанат түрмеден босатылды. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі ресми түрде мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, сотталған Думан Ерқанат сот шешімі негізінде жазасын өтеуден босатылған. Атап айтқанда, сот оның бұрын тағайындалған жазасын неғұрлым жеңіл жаза түріне — айыппұлға ауыстыру туралы қаулы шығарған. Осы шешімге сәйкес, ол түзеу мекемесінен босатылды.

Қылмыстық-атқару жүйесі өкілдері мұндай шешімдер тек сот құзыретіне жататынын атап өтті. Яғни, жазаны жеңілдету немесе оны басқа түрге ауыстыру мәселесін сот әрбір істің мән-жайына қарай жеке қарайды.

Айта кетейік, Қазақстан заңнамасына сәйкес, белгілі бір жағдайларда сотталған азаматтардың жазасы жеңілдетіліп, бас бостандығынан айыру жазасы айыппұл немесе басқа да баламалы жаза түрлеріне ауыстырылуы мүмкін.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АТЫРАУДА 62 ЖАСТАҒЫ ЕР АДАМ ӘЙЕЛІН ПЫШАҚТАП ӨЛТІРДІ

Aspan info

ШЫМКЕНТ: БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА 2 МЫҢНАН АСТАМ МАМАН ҚАЖЕТ

Aspan info

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БІРҚАТАР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз