aspan

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МЕКТЕБІ АШЫЛАДЫ

Шымкент қаласында 21 наурыз күні Жұмабек Тәшенов университетінің базасында «Tomorrow School» жобасының ашылуы жоспарлануда. Бұл – Қазақстандағы жасанды интеллект саласында мамандар даярлайтын алғашқы заманауи білім беру алаңы. Жобаның басты мақсаты – сапалы білім беру арқылы өңірдің IT-әлеуетін арттыру. Мектептің ерекшелігі – оқуға түсу үшін үміткерлерден бағдарламалау бойынша алдын ала тәжірибе талап етілмейді, ал оқу процесі толықтай тегін негізде жүзеге асырылады. Студенттерге аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойы білім алуға мүмкіндік беріледі, оқу нақты жобаларды іске асыруға бағытталған. Университет тарапынан мектептің жұмыс істеуі үшін заманауи инфрақұрылым, қажетті жиһаздар мен техникалық жабдықтар ұсынылады. Сонымен қатар, қатысушылар Astana Hub экожүйесінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана алады. Оқу бағдарламасы «бассейн» деп аталатын бір айлық іріктеу кезеңінен басталып, одан сәтті өткендер 18 айлық негізгі курсқа қабылданады, ал соңғы 6 айда жасанды интеллекттің нақты бағыттары бойынша тереңдетілген білім беріледі. Бағдарлама аясында машиналық оқыту, деректерді талдау, компьютерлік көру және 20-дан астам бағдарламалау тілдері оқытылып, оқу соңында студенттер жеке немесе топпен 50-ден астам жобаны жүзеге асырады.
Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕЛДІҢ ОҢТҮСТІГІН ТОПАН СУ БАСТЫ

АЛТЫН МЕН КҮМІС БАҒАСЫ РЕКОРДТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ӨСТІ

Aspan info

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ САММИТКЕ ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ: АЙМАҚТЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕДЕЛІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз