aspan

АТЫРАУДА ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗ КӨПІРДЕН ӨЗЕНГЕ СЕКІРІП КЕТТІ

2026 жылғы 19 наурызға қараған түні Атырау қаласында төтенше жағдай тіркелді. Сұлтан Бейбарыс даңғылы бойындағы автокөлік көпірінен 16 жастағы қыз Жайық өзеніне секіріп кеткен.

Оқиға туралы «112» нөміріне хабарлама шамамен сағат 02:15-те түскен. Алғаш болып жағдайға куә болған тұрғындар әрекет еткен. Оқиға орнында болған екі ер адамның бірі дереу құтқару қызметіне хабар берсе, екіншісі еш ойланбастан суға секіріп, қызды құтқаруға ұмтылған.

Құтқарушылар жеткен кезде қыз да, оны құтқармақ болған азамат та суда болған. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері жедел әрекет етіп, екеуін де судан шығарып алды.

2009 жылы туған қыз жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Құзырлы органдар мұндай жағдайларда азаматтарды бейжай қарамауға, алайда өз өміріне қауіп төндірмей, ең алдымен арнайы қызметтерге хабарласуға шақырады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Геннадий головкин – ҰОК президенті.

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН DIGITAL QAZAQSTAN 2026 СТАРТАПТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АШТЫ

Aspan info

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ- ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН РАМАЗАН АЙЫНЫҢ БАСТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз