aspan

ПЛАСТИК ҚАЛДЫҚТАРЫ ПАРКИНСОН АУРУЫНА ҚАРСЫ ДӘРІ ЖАСАУҒА ПАЙДАЛАНЫЛМАҚ

Эдинбург университеті ғалымдары пластик қалдықтарын медицинада қолданудың жаңа тәсілін ұсынды. Зерттеушілердің мәліметінше, бұл әдіс Паркинсон ауруымен күресте тиімді болуы мүмкін.

Ғылыми зерттеу барысында мамандар Ішек таяқшасы бактериясының арнайы өзгертілген түрін пайдаланған. Бұл микроағзалар алдын ала ыдыратылған пластикті қорек ретінде қабылдап, оны өңдеу кезінде күрделі биохимиялық реакциялар арқылы ерекше қосылыс түзеді.

Аталған қосылыс адам ағзасындағы дофамин тапшылығын толықтыруға мүмкіндік береді. Белгілі болғандай, Паркинсон ауруы кезінде науқастарда дәл осы дофамин деңгейінің төмендеуі негізгі мәселелердің бірі саналады.

Ғалымдардың айтуынша, жаңа тәсіл бір мезгілде екі өзекті мәселені шешуге ықпал етуі мүмкін: біріншіден, тиімді дәрілік заттар әзірлеу, екіншіден, пластик қалдықтарын қайта өңдеу арқылы экологиялық жүктемені азайту.

Қазіргі уақытта бұл технология зертханалық сынақ кезеңінде. Зерттеушілер алдағы уақытта әдістің қауіпсіздігі мен тиімділігін тереңірек зерделеп, клиникалық деңгейге шығару мүмкіндігін қарастыруда.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

Aspan info

АТЫРАУДА БЛОГЕРДІ СОҚҚЫҒА ЖЫҚҚАНДАРҒА СОТ ҮКІМІ ШЫҚҚАНЫМЕН, ТҮРМЕГЕ БІРДЕН БАРМАЙДЫ

Aspan info

ШЫМКЕНТТЕ ТЖ МИНИСТРЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА L-410 ҰШАҒЫ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

Пікір қалдырыңыз