aspan

«ҰРЫП-СОҒЫП, ДАЛАҒА ТАСТАП КЕТТІ»

Жетісу облысы Ақсу ауданында екі ауыл тұрғыны өз әкесін ұрып-соқты деген күдікке ілінді. 62 жастағы қария желі арқылы қазақстандықтардан көмек сұрады. Оның айтуынша, қария ұзақ уақыт бойы 31 және 34 жастағы ұлдары тарапынан қорлық көрген. Олар әкесінен ақша талап етеді екен. Тіпті бір рет қыстың күні айдалаға апарып, ұрып-соғып, жыртылған аяқ-киіммен көшеде тастап кеткен. Кейін қария бір ай бойы ауырған.

Қария 2013 жылы отбасымен бірге Қытайдан көшіп келген. Қазір ауылдағы шағын шеберханада етікші болып жұмыс істейді. Айтуынша, ұлдары жұмыс орнында да әдейі тәртіпсіздік жасап, терезелерді сындырып, құралдарын, ақшасын, телефоны мен құжаттарын тартып алады.
Полиция екі ұлдың қамауға алынғанын айтты. Сот үкімімен олар кінәлі деп танылып, әрқайсысына қамау жазасы тағайындалған. Олардың мінез-құлқына 3 ай мерзімге ерекше талаптар белгілеп, жәбірленушіге жақындауға тыйым салған. Қазір күдіктілер қамауда отыр. Шыққан соң олар профилактикалық есепке алынады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: СПОРТШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРЛЕРДЕ ТОП ЖАРДЫ

Aspan info

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БІРҚАТАР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ

Aspan info

Қазақстан ІІМ туристер үшін қауіпсіздік жүйесін енгізеді: әрбір шетелдік қонаққа QR-коды бар карточка

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз