Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков «Тұран су» мекемесінің жұмыс жоспары бойынша лездемелік мәжіліс өткізді. Бүгінгі таңда стратегиялық маңызы бар 20 су қоймасы, 3 су торабы, 3 магистралды, 107 ішкі шаруашылықаралық канал, 3 өндірістік база және 81 арнайы техника кәсіпорын теңгерімінде.
– Егістіктердің картасын әзірлеп, дақылдардың ерекшелігін назарға ала отырып, суғару кезектілігінің кестесін осы кезден түзу қажет. Шаруалармен кездесіп, ұсыныстарын тыңдаңыздар. Назардан тыс қалған проблемалар болса, аудан-қалалармен бірлесіп, заң аясында тиісті шараларды қабылдаңыздар. Проблеманың алдымыздан шыққанын күтудің қажеті жоқ, – деді облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде.
Алғашқы кезеңде 14 жоба қаржыландырылады. Нәтижесінде: 53,3 мың га суармалы жердің су жеткізу қабілеттілігі артады. Құрылыс 2026 жылы басталады.
