aspan

ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ ШИЕЛЕНІС: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚАЙ ЕЛДЕРДЕ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРЕ АЛМАЙДЫ?

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстанның шетелдегі бірқатар сайлау учаскелерінің жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының отырысында Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Әлімбаев хабарлады. Қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, 10 мемлекет аумағындағы дауыс беру нүктелерін қысқарту туралы шешім қабылданған.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Иран, Израиль, Иордания, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Ливан, Кувейт, Украина және Эфиопия елдеріндегі учаскелерде, сондай-ақ Дубай қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығында дауыс беру өткізілмейді. Соның салдарынан аталған мемлекеттерде жүрген Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алмайды. Қазіргі уақытта әлемнің 54 елінде 71 сайлау учаскесі жұмысын жалғастырып отыр. Бұл учаскелерде дауыс беруге құқылы 14 230 қазақстандық тіркелген.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, бұл елдердегі азаматтар дауыс беру мүмкіндігінен уақытша шектелгенімен, қазақстандық дипломаттар өз қызметтерін жалғастыруда. Олар тәулік бойы жұмыс істеп, шетелдегі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың елге аман-есен оралуына көмектесуге басымдық беріп отыр. Сондай-ақ дипломаттарды эвакуациялау мәселесі күн тәртібінде жоқ екені айтылды.

Бұдан бөлек, референдумды бақылауға 31 мемлекеттен 68 бұқаралық ақпарат құралының 185 өкілі аккредитациядан өткен. Шетелдегі барлық комиссия мүшелері қажетті дайындықтан өтіп, тиісті сертификаттарға ие болған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шекарашылар адам өмірін құтқарды

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

КІСІ ӨЛТІРУ, ТӨБЕЛЕС ЖӘНЕ ЖОЛ-КӨЛІК АПАТТАРЫ: ШЫМКЕНТТІҢ АБАЙ АУДАНЫНДА НЕ БОЛЫП ЖАТЫР?

Aspan info

Пікір қалдырыңыз