aspan

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ

15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға байланысты Түркістан облысының бірқатар қалаларында қоғамдық көліктер тегін қатынайды. Атап айтқанда, бұл шара Түркістан, Кентау, Шардара, Сарыағаш және Арыс қалаларында ұйымдастырылады.

Бастама тұрғындардың маңызды саяси науқанға қатысуына қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынып отыр. Референдум күні қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көліктерді ақысыз пайдалана алады.
Тегін жол жүру барлық автобус бағыттарын қамтиды. Бұл өз кезегінде тұрғындардың дауыс беру учаскелеріне кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, референдум күні өңірдегі дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ІІМ: МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА АПИЫН ЖЕТКІЗУ АРНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Aspan info

ТҮРКІСТАН: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ РУХАНИЯТ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Aspan info

Қыз зорлаған Талдықорған полициясы бастығының ісі қайта қаралды

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз