aspan

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ СПОРТ МЕКТЕБІНДЕ 5 ЧЕМПИОН ДАЯРЛАНДЫ

▪️Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен спортты дамытуға қолайлы жағдай жасалып келеді. Осы арқылы ауыл-аймақтардан чемпиондар шығып жатыр.

▪️Түркістан облысының №5 Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Қазақстан Республикасының чемпионаттарында жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына құрмет көрсетілді.

▪️Мектеп басшысы Нұрлан Айтмурзаев чемпиондар мен жүлдегерлерді арнайы қабылдап, жетістіктерімен құттықтады.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст
Кездесу барысында мектеп директоры жас спортшылардың ел намысын абыроймен қорғап жүргеніне ризашылығын білдіріп, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, жеңісті жолдарын жалғастыра берулеріне тілектестік білдірді. Сондай-ақ жаттықтырушылардың еңбегі ерекше екенін айтып, шәкірттердің жетістігі ұстаздарының кәсіби шеберлігі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.
Возможно, это изображение текст
▪️Қазақстан чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болған спортшылар қатарында еркін күрестен 92 келі салмақта алтын медаль иеленген Айтуған Нұрислам, әйелдер боксы бойынша 35 келіде топ жарған Насанова Аиша мен 67 келіде жеңіске жеткен Сахи Нұргүл, таеквондо WT спорт түрінен 45 келіде қола жүлде алған Жанболат Бекжан бар. Сонымен қатар кикбоксингтен 52 келіде алтын медаль жеңіп алған Ким Виолетта, 75 келіде топ жарған Серікбай Бақытжан және 48 келіде күміс медаль иеленген Ким Анжела да облыс мерейін үстем етті.
▪️Аталған спортшылар еді халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын қорғайды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ӨЗЕН ЖАҒАСЫНА ҚОҚЫС ТАСТАҒАН АЗАМАТ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Aspan info

ҚУАНЫШБЕК БОТАБЕК — БАС РЕДАКТОРЛАР КЛУБЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

17 ЖЫЛ ҚҰЛДЫҚТА БОЛҒАН ҚҰНДЫЗ ОНЫ ҚАМҚОРШЫСЫ БАЙЛАП ТАСТАҒАНЫН МӘЛІМДЕДІ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз