aspan

ТҮРКІСТАНДА ҚАРТ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы ғасыр жасаған ардақты аналардың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Қала басшысы елге еңбегі сіңген, ұрпақ тәрбиелеп, өнегелі ғұмыр кешкен аналарға ізгі тілегін білдіріп, құрмет көрсетті.

Әзімбек Пазылбекұлы алдымен тыл ардагері, Батыр ана, «Алтын алқа» иегері Тойғараева Бибісара әженің үйіне арнайы барып, құрмет көрсетті. Ғасыр жасаған қадірлі ана 10 бала тәрбиелеп өсірген. Бүгінде әженің 34 немересі, 105 шөбересі және 8 шөпшегі бар. Қазіргі таңда үлкен ұлының қолында тұрып, ұрпағының ортасында бақытты ғұмыр кешіп келеді.
Сондай-ақ, тыл ардагері, көпбалалы Батыр ана, «Алтын алқа» иегері Пачанова Шадаттың шаңырағында болып, мерекелік лебізін жеткізді. Өмірін еңбекпен өріп, ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардақты ана 9 бала тәрбиелеп өсірген.
Қала әкімі өз сөзінде аналардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, ғасыр жасап, саналы ұрпақ тәрбиелеген абзал жандарға шынайы алғысын білдірді.
Мерекелік кездесу барысында аналарға сый-сияпат табысталып, ізгі тілектер айтылды. Ғасыр жасаған ардақты аналардың ақ батасы мен өнегелі өмір жолы – кейінгі ұрпақ үшін үлкен тағылым.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

 ӨҢІРДЕГІ ЖОЛДАРДЫҢ ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҒЫ ҚАРАЛДЫ

Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

ЖҮЛДЕМЕН ҚУАНТҚАН ЖЕҢІС!

Пікір қалдырыңыз