aspan

СЕМЕЙДЕГІ ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ІРІ ӨРТ ШЫҚТЫ: КЕЛУШІЛЕР ҒИМАРАТТАН СЫРТ КИІМСІЗ ШҰҒЫЛ ШЫҒУҒА МӘЖБҮР БОЛҒАН

Семейде “Bala Park” ойын-сауық орталығында ірі өрт шықты.

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видеолар тарады. Кадрлардан аязды күнде келушілердің, соның ішінде балалардың да сырт киімсіз ғимараттан шұғыл шығуға мәжбүр болғанын көруге болады.

Төтенше жағдайлар министрлігің мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен сәтте ғимарат ашық жалынмен жанып жатқан. Өрт өршіп, шатыр ішінара құлаған.

Әкімшілік өкілдерінің айтуынша, адамдар өздігінен эвакуацияланған.

“Өрт сөндіру жоғары өрт жүктемесі мен қатты түтінмен күрделенуде. Өртті сөндіру үшін периметр бойынша су шашыратқыштар, сонымен қатар биік техника арқылы су жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Өрт орнында өрт сөндіру жедел штабы құрылды. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді”, – делінген ТЖМ хабарламасында.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Олжас Бектенов об удвоении ВВП: Задача амбициозная, но достижимая

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНЕ 35 МЫҢНАН АСА ШАМ ОРНАТЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 90 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Пікір қалдырыңыз