aspan

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – МҰҒАЛІМНІҢ ЖАҢА КӨМЕКШІСІ

Жасанды интеллект (ЖИ) бүгінде қоғам өмірінің барлық саласына қарқынды еніп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялауы да осы бағыттағы стратегиялық басымдықты айқындайды. Президенттің «Қазақстан цифрлық мемлекетке айналуы керек. Бұл – айқын әрі өзгермейтін мақсат» деген тапсырмасы білім беру саласында нақты іс-шаралар арқылы жүзеге асуда.
Осы бағыттағы жұмыстардың бір көрінісі – Ораз Жандосов атындағы №30 мектеп базасында өткен қалалық тәжірибелік семинар. «Білім алушыларды жекелендіре оқытуда жасанды интеллект құралдарын қолдану мүмкіндіктері» тақырыбындағы жиынға Шымкент қаласындағы түрлі пән мұғалімдері қатысты.
Бүгінде бір сыныптағы оқушылардың білімді қабылдау деңгейі әртүрлі. Бірі ақпаратты тез меңгерсе, енді бірі көрнекілік немесе қосымша әдістемелік құралдар арқылы жақсы түсінеді. Сонымен қатар инклюзивті білім беру аясында әр сыныпта ерекше білім беруді қажет ететін балалар да бар. Мұндай жағдайда мұғалімге әр оқушыға жеке тәсіл қолдану оңай емес.
Мектеп директоры Жансұлу Сиқамбекованың айтуынша, ЖИ құралдары осы мәселені шешуде нақты көмекшіге айналған.
– Қазір жасанды интеллект бастауыш сынып мұғалімінен бастап, барлық пән ұстаздары үшін сенімді серіктес болып отыр. Сабақты жоспарлау кезінде әр баланың қабылдау ерекшелігіне қарай тапсырмаларды саралауға мүмкіндік бар. Біздің мектеп ұжымы соңғы екі жылда осы бағытта арнайы бағдарлама әзірлеп, жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Нәтижесі жаман емес. Бүгін сол тәжірибені әріптестерімізбен бөлісуді жөн көрдік, – дейді мектеп басшысы.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«МЕМЛКЕТТІК ТІЛ-ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ СИМВОЛЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЖҰМЫС ТОБЫМЕН БІРГЕ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАҒА ҚАТЫСТЫ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Aspan info

“Біз – Мәңгілік ел ұландарымыз” атты әскери-патриоттық сайыс өтті

Пікір қалдырыңыз