aspan

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ТИІМДІ ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

▪️Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек құрылыс саласындағы жетекші компаниялардың бірінің өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар өңір аумағында жүзеге асырылуы мүмкін жаңа жобаларды, оларды қаржыландыру және тиімді іске асыру тетіктерін жан-жақты талқылады. ЕРС-F механизмі, яғни іске қосуға толық дайын нысан және тиімді қаржыландыру мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды. Әсіресе, әлеуметтік нысандар салу бағытындағы бастамаларға басымдық берілді.
▪️Облыс әкімінің орынбасары құрылыс саласында жаңа механизмдер қажет екеніне тоқталып, тиімді жобаларға қолдау болатынын жеткізді.
📌– Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру бағытында бизнес өкілдерімен әріптестікті күшейтуге дайынбыз. Тиімді жобаларды қолдаймыз. Жаңа механизм өңірдің инфрақұрылымын жаңғыртып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталуы тиіс. Біз жобаларды жедел әрі тиімді жүзеге асыруға мүдделіміз, – деді Қанат Қайыпбек.
▪️Компания өкілдері жаңа нысандар салу, ғимараттарда күрделі жөндеу және қайта құру жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктері, жұмыс алгоритмі, бюджетке түсетін жүктемені азайту, құжаттамадағы қателіктерге жол бермеу, қаржыны кезең-кезеңмен өтеу жолдары туралы ақпараттандырды. Сондай-ақ ІТ hub жобасын таныстырды.
▪️Жиынға облыстың салалық басқарма басшылары да қатысып, жобаларды жүзеге асыруға қатысты өзекті сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Әр жоба бойынша нақты қадамдар айқындалып, іске асыру мерзімдері нақтыланды.
▪️Бастамалар жіті зерделеніп, қажеттілікке қарай ұсыныстар жасалатын болды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТЕЛЕФОН ҚЫЗЫП, БАТАРЕЯСЫ ТЕЗ ОТЫРЫП ҚАЛАДЫ: ІІМ АЛАЯҚТАР ЖАҢА ӘДІСКЕ КӨШКЕНІН АЙТЫП ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

Aspan info

ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ – БАСТЫ НАЗАРДА!

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз