aspan

ТҮРКІСТАН: ІШКІ НАРЫҚТЫ ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСАДЫ

Ішкі нарықты қорғау және ішкі нарықта қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Мемлекет басшысы алға қойған басты міндеттердің бірі. Бұл бағытта Түркістан облысында тиісті шаралар қабылдануда. Былтыр Түркістан облысында мемлекеттік бақылаумен 234 субъект қамтылып, 15 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің төрағалығымен өткен ішкі нарықты қорғау мәселелері туралы ахуалдық штаб отырысына айтылды. Күн тәртібінде 9 мәселе қаралып, тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, техникалық регламент талаптарының сақталуы, заңсыз және сертификатталмаған өнімдердің алдын алу мәселелері талқыланды.
Облыс әкімінің орынбасары адамның денсаулығы мен қауіпсіздігі – басты басымдық екенін атап өтті.
– Нарықта айналымдағы өнім белгіленген техникалық регламенттерге және расталған талаптарға сәйкес болуы тиіс. Сапасыз, қауіпсіздігі күмәнді тауарлардың нарыққа түсуіне жол берілмеуі керек. Бұл – ең алдымен тұрғындардың денсаулығына қатысты мәселе. Сондықтан бақылау шаралары жүйелі әрі нәтижелі жүргізілуі қажет, – деген Қанат Қайыпбек заң бұзушылық анықталған жағдайда тиісті шараларды қолдануды тапсырды.
Жиында ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Әсет Төребаев атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Оның айтуынша, Департамент тарапынан тексеру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Мәселен, техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін, Өзбекстанда шығарылған «CONCH» маркалы цементіне қатысты Жетісай және Сарыағаш аудандарында 4 жоспардан тыс тексеру жүргізді. 2 жағдайда өнімді жалған сәйкестік туралы сертификатымен сатылып жатқандығы анықталып, 2 жеке кәсіпкерге әкімшілік айыппұл салынды. Бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беріліп, 3577 дана цемент өнімін айналымға шығаруға тыйым салынды. Сондай-ақ кабель өнімдеріне, салқындатқыш сұйықтықтар мен мотор майларына, электрондық сауда алаңдарына мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Жиында тұрғын үйлерге қойылған жеделсатылардың, ойын-сауық аттракциондарының, балалар ойын алаңдарының талаптарға сәйкестігі сараланып, пайдалану қауіпсіздігі зерделенді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІ – ӘДІЛДІК, ЖЕҢІЛДІК ЖӘНЕ ДАМУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ҚАДАМ

В ШЫМКЕНТЕ ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ПРЕВРАТИЛСЯ В НАРОДНОЕ ТОРЖЕСТВО

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

«SELENA GROUP» ХОЛДИНГІ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Пікір қалдырыңыз